Заттар тобын салыстыру.

Математика.

Білім беру саласы: Таным

Сабақтың тақырыбы: Заттар тобын салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Заттарды салыстыруға үйрету,заттардың үлкен және кіші санын анықтау,салыстыра алу және «қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.

Сабақты ұйымдастыру.

Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы лебіздерін айтады.

Сабақ әліппе-дәптердегі суретті қараудан басталады.Суретке мұқият көз жүгірте отырып,ненің теңдей екенін,қыздар көп пе,ұлдар көп пе екенін анықта. Балалар қай үстелде ойнап отыр,қай үстелде цифрлармен жұмыс істеп отыр? Олар нешеу,қайсылары көп? Суретте балалар саны тең, артық не кем екенін көрсет. Неше орындық,парта,сағат,тақта, т.б. (1мұғалім, 3қыз, 4 ұл, 2үстел, 5 орындық және т.б.) екенін санаймыз.

Кестені толтыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек.

Тапсырма беріледі:

— Алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықта. Содан кейін суреттен заттардың осынша санын тап. Бір,екі,үш және т.б. адамы суретті таңда. Енді қажетті жапсырма қағазды алып,нүкте санына қарай ұяшықтарға жапсыр.

*

*****

****

**

***

2 тапсырмада №1 тапсырмадағы сурет бойынша жұмысты жалғастырады. Балалар суретте неше зат немесе неше обьект болса, сонша шеңбер ішін бояуы тиіс.Содан кейін боялған шеңберлер бойынша қай зат артық (кем) екені белгілі болады.

Осындай ауызша жұмыста қайсысы артық екенін көру үшін, екі топтағы заттарды бірінің астына бірін немесе бірінің үстіне қою ұсынылады.

3 тасырма. Тиеген пирамидалар саны бірдей жүк көлігін тап.Пирамидалар саны көп машинаны қызыл түспен боя. Пирамидалар саны аз машиналарды қызыл мен көктен өзге бірдей түспен боя.

4 тапсырма. Заттарды 10-ға дейін санау үшін үлкен картина берілген.

— Әр ұяшықтағы заттарды санаймыз.Түсі мен пішінін,заттың қандай геометриялық пішінге ұқсас екенін анықта. Ойша топтарға бөл,қандай топтар шыққанын ата,неше топ болды. (Жеміс-жидектер және көкөністер). Жеміс-жидектер көп пе?

Іс-әрекетті қорытындылау.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау,бағалау.

Поделитесь материалом коллегами:
Помощь учителям и учащимся