Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер |
Мектеп:10 мектеп . |
|||||||||||||
Күні: 20. 04. 2018ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Шаханова Г. |
|||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
20
0 |
||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты? |
|||||||||||||
Оқу мақсаты: |
6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеу үшін М.Қашғари, және Ж.Баласағұни еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру |
|||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосқанын біледі, түсінеді. (білу, түсіну) Оқушылардың басым бөлігі: Түркілердің төл дерегі, қытай, византиялықтардың деректерімен салыстыра алады. (талдау) Кейбір оқушылар: Түркі өркениеті қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері жайлы құнды мәлімет беретінін зерттейді. (талдау, қолдану) |
|||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Ортағасырлық ғалымдардың ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтайды. (білу, түсіну) |
|||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Қосымша материалдар арқылы ақпарат беру Оқылым: оқулықтан және қосымша деректер беру арқылы жұмыс істейді. Жазылым: Тірек сөздерді анықтап, мағынасын жазады (Орта ғасыр кезеңіндегі ғұламалар) Қорытындысында тақырып бойынша алынған мәліметтерді дәлелдей алады.(Айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) |
|||||||||||||
Құндылықтарға баулу: |
— патриотизм -өмір бойы оқу — өз елі үшін мақтаныш — достық қарым -қатынас |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниежүзі тарихы, география, әдебиет |
|||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім: |
Ұлы жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның эканомикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті? «А.В.С» әдісі арқылы А оқушы В оқушыға түсіндіреді С оқушы бақылаушы болады, сараптайды, түзету енізеді. Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына әсерін еске ала отырып, жаңа біліммен байланыстрамын. Сұрақтар: 1.Ұлы жібек жолы Қазақстанның дамуына қалай әсер етті? 2.Ұлы жібек жолы болмағанда Қазақстанның эканомикасының дамуы қандай болар еді? Дескриптор: 1.Ұлы жібек жолы Қазақстанның дамуына қалай әсері жайлы айтады. 2. Ұлы жібек жолы болмағанда Қазақстанның эканомикасының дамуы жайлы өз ойларын айтады. |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері. |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы:
Сабақтың ортасы:
|
«Түрлі түсті қағаз » арқылы топқа бөлу. Түрлі түсті қағаздарды тарату арқылы сыныпты төрт топқа бөлдім. Көрмені көрсету арқылы тақырыпқа шығу Шағын көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қойылатын заттар: қолөнер бұйымдары, зергерлік, ұсталық, макеттер, суреттер т.б.көрмедегі заттарды көрсету арқылы тақырыпқа шығу. Іс-әрекет: «БББ» әдісі арқылы Оқушылар сұрақтар бойынша ой талқы жүргізеді • Не көрдіңіздер? • Қандай сұрақтарыңыз бар? • Осы заттардың тақырыпқа қандай қатысы бар ?
Сабақтың тақырыбы анықталғаннан кейін мәдениет туралы мұғалімнің, оқушылардың пікірі тыңдалады.Түсіндірме жұмыстары жүргізіледі Топтық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі арқылы ТБ «Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесі». Тақырыбы бойынша білімін анықтау. Зерттеу сұрақтары Түркілер қандай мәдени жетістіктерге қол жеткізген? Түркі өркениеті туралы түркілердің төл дерегі, қытай дерегі, византиялықтардың деректері қандай құнды мәліметтер береді? Дескриптор: 1.Түркілер қандай мәдени жетістіктерге қол жеткізгенін біледі. 2.Түркі өркениеті туралы құнды мәліметтермен танысады. Топтық тапсырмалар беріледі. Әр топ оқулық бойынша тақырыпты пысықтайды. «Ойлан.Жұптас.Талқыла» Оқушыларға тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. 1 топ:Түркі халықтарының дүниетанымы, діні, Тәңірлік. 2 топ:Көшпелілер өркениеті мен отырықшы мәдениеттің жетістіктері. 3 топ: Ғылым мен білім. 4 топ:Қала мәдениеті және сәулет өнері. Оқушылар мүсін, діни сәулет, бейнелеу өнерлерінің ескерткіштерін зерттейді. Дескриптор: 1.Бұл тақырыпта оқушылар түркі халықтарының дүниетанымын, жерлеу ерекшеліктерін, наным-сенімдерін біледі; 2.Бұнда оқушылар көшпелілердің тұрмыста қолданатын ыдыс-аяқ, қару-жарақ, ер тоқымның, ер адам киетін шалбардың және т.б. ойлап табуларын зерттеулері мүмкін; 3.VIII-IX ғғ. жататын «Қорқыт ата», «Оғызнама» әдеби шығармаларына сипаттама береді, Әбу Наср әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесін зерттейді, М. Қашғаридің «Түрік тілдерінің сөздігі» атты мұрасының ерекшеліктерін анықтайды. Ж. Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбегінің сол заманның қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері жайлы құнды мәлімет беретінін зерттейді; 4.Оқушылар мүсін, діни сәулет, бейнелеу өнерлерінің ескерткіштерін зерттейді Топтар бірін-бірі бағалайды. Мынадай критерийлер бойынша • Басқа топтардың сұрақтарына жауап беру; • Өз мәтінін түсінікті етіп айту; • Топтық жұмысқа белсенді қатысу; • Уақытты тиімді пайдалану. • Топтың бір мүшесі қолдау көрсету |
Түрлі түсті стикер, флипчарт, стикер, карта.
Түркілер әлем өркениетінде. http://www.kazakhstanzaman .kz/3698/t-rkiler-lem-rkenietinde
Қазақ тарихы — түркілердің далалық өркениетінің құрамдас бөлігі http://bankreferatov. kz/madenittany/1147-aza-tarihi- trklerd-dalali-rkenietn-ramdas- blg.html
http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/4673-zhbalasagun-kutty-bilik.html Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).
Бес томдық. I-ІІт. – Алматы:«Атамұра»,2010 ж.
Махмұт Қашқари. Түрік тілінің сөздігі: (Диуани лұғат-ит-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы- Алматы: Хант, 1997.
Қайдар Ә, Оразов М. Түркітануға кіріспе. –Алматы: Арыс, 2004. . |
||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Қалыптастырушы бағалау: «Б.Б.Б» тәсілі арқылы оқушының тиісті рефлексия жасауына бағыт беремін:
|
|
||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
||||||||||||
Барлық оқушылар: «Ойлан жұптас талқыла» әдісі арқылы Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосқанын «БББ» әдісі арқылы білді, түсінді. Оқушылардың басым бөлігі: «Ойлан жұптас талқыла» әдісі Түркілердің төл дерегі, қытай, византиялықтардың деректерімен салыстырды. Кейбір оқушылар: «Ойлан жұптас талқыла» әдісі Түркі өркениеті қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері жайлы құнды мәлімет беретінін зерттеді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесін анықтады. |
«А.В,С» әдісі арқылы оқушының қаншалықты тақырыпты меңгергенін анықтаймын.
«БББ» әдісі арқылы Оқушылар сұрақтар бойынша ой талқы жүргізгіземін.
«Ойлан.Жұптас.Талқыла» әдісі арқылы оқушыларға берілген тапсырманы тыңғылықты орындауға бағыт беремін.
Қалыптастырушы бағалау: «Б.Б.Б» тәсілі арқылы оқушының тиісті рефлексия жасауына бағыт беремін:
|
Сыныпта гигеналық талаптардың сақталуы.Оқушылар сабақ барысында пайдаланған интербелсенді тақтаның мүмкіндігін дұрыс пайдалану. |
||||||||||||
Рефлексия |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақтың оқу мақсатына жеттім.Сабақ барысында «А,В,С», «Миға шабуыл», «Ойлан, Жұптас, Талқыла» әдістерін пайдалану арқылы сабақ кезеңдерін сақтай отырып уақытты тиімді пайдаландым. |