Мұғалімнің аты-жөні: |
Ажинурова Гулназ |
|
|||||||||||||||||||||
Пән/Сынып: |
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып |
|
|||||||||||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: |
Рим империясының құлауы |
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? |
|
|||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары |
6.3.2.3.Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақмерзімділік өмір сүруінің себептерін анықтау |
|
|||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: |
Византияның ұзақ мерзімді себептерін анықтайды; Византияның әлеуметтік топтарының өмір ерекшеліктерін шынайы айқындайды; |
|
|||||||||||||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары |
|||||||||||||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету |
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы |
|
||||||||||||||||||||
Кезеңдері |
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
|||||||||||||||||
Ұйымдастыру |
Сәлеметсіздер ме оқушылар? Оқушылар назарына Еуразия және Африка картасы көрсетіледі. – Орта ғасырларда осы екі аймақты не біріктірді? Оқушылардың пікірлері тыңдалады. Бұл аумақтар Шығыс Рим империясының құрамына кірді, Батыс Рим империясына қарағанда 1453 ж.дейін билігін сақтап қалды. Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады: 1. Византияның ұзақмерзімділік себептерін анықтайды; 2.Византияның әлеуметтік топтарының өмір ерекшеліктерін шынайы айқындайды; |
Не меңгеретінін білу үшін |
|
Презентация № 3-4 бет |
|
|
|||||||||||||||||
Жаңа сабақ
Сабақ барысындағы талқылау
|
Қосымша 1. «Византияның гүлденуі» Империяның аумағы Эгей және Жерорта теңіз-дерінің аралдарымен қоса, екі материктің жерін-де: Еуразияда және Африкада орналасқан. Импе-рияның астанасы Константинополь шығыс және батыс елдерін байланыстыратын «Алтын көпір» деп аталды..Византиялықтар өздерін «ромейлер» деп атаған, грек тілінде бұл «римдіктер» деген мағынаны білдіреді. Гректер халық құрамында басым болғандықтан, уақыт өте келе грек тілі ла-тын тілін ығыстырып, мемлекеттік тілге айналды.Тиімді географиялық орналасудың нәтижесінде өзге елдермен сауда-саттық жасауға мүмкіншілік көп болды. Ал византиялық алтын ақша «номисма» ха-лықаралық валюта дәрежесінде жүрді.. Жан-жақтан келген саудагерлер византиялық бұйымдарға қы-зығатын.Қолнершілерге қажетті шикізат әртүрлі жерлерден әкелінетін. Қажет болғанда олар Кавказдан темір, күміс және мыс кендерін, Египеттен жазу үшін па-пирус алғызатын. Қызылкүрең бояуды жасау мақса-тында, қолөнершілер финикиялықтар өндірген теңіз қабыршақтардан алынатын шикізатты пайдаланған.Жақсы климат пен бай жерлер де елдің дамуы-на ықпалын тигізді. Батыс Рим империясына қа-рағанда, құлдар еңбегі азырақ пайдаланылды. Қосымша 2 «Ұзақмерзімді себептер» Мемлекеттегі барлық билік император — «василевстің» қолында болуы Шығыс Рим империясының байлығын сақтап қалуға зор үлес қосты. Византия империясының қуаттылығы І Юстиниан императордың тұсында артты. Олбилік жүргізген кезде «Юстиниан кодексі» деп аталатын бірыңғай заңдар жинағы құрастырылды. Императорды христиан шіркеуі қолдады. Шіркеу императорлық билік Құдайдын ісі, сондықтан ол қасиетті деп сендіретін. |
Жаңа тақырыпты меңгеру |
|
Презентация № 5-8 бет
|
|
|
|||||||||||||||||
Тәжірибе |
1-тапсырма. Мұғалім оқушыларға «Византиядағы қандай әлеуметтік топтар жақсы өмір сүрді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар жауаптарын төменде көрсетілген кестеге толтыруы керек:
Дескрипторлар: Мәтіннен негізгі ақпаратты алады; Әртүрлі әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайларын зерттейді.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, Византияның ұзақмерзімдік себептерін топтастыру (саяси, экономикалық, әлеуметтік):
Дескриптор: Білім алушы 1. Византияның ұзақмерзімді саяси себептерді анықтайды; 2. Византияның ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық себептерін анықтайды; 3. Ең маңызды факторды айқындайды қорытынды шығарады.
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру |
Бағалау критерийлерін ұсыну |
Презентация № 9-12 бет
|
|
|
|||||||||||||||||
Қорытынды |
Мемле-кеттегі барлық билік император — «василевстің» қолында болуы ШығысРим империясының байлығын сақтап қалуға зор лес қосты. Византия империясының қуаттылығы І Юстини-ан императордың тұсында артты. «Құдайға деген сенушілікті нығайтып, оны бірыңғай дінге айналдыра алды. Сонымен қатар, заңдардың орынсыз көбеюі олардың түсініксіз болуына әкеліп соғатынын түсініп, дұрыс заңдарды сақтап қалуға тырысты. Юстиниан император, билікті қолға алғаннан кейін, мемлекеттің жағдайын жақсартты, оның шекараларын кеңейтіп, варварларды елден қуды… көптеген жаңа қалалардың негізін қалады» -деп жазды византиялық жазушы Прокопий« Юстинианның құрылыстары туралы»атты мақаласында.
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау |
Бағалау критерийлерін ұсыну |
Презентация № 13 бет
|
|
|
|||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
Үйге тапсырма 1.Юстинианның рухани өмірге енгізген өзгерістерді анықтаңдар! |
|
|
Презентация № 14 бет |
|
|