О?у бітіруші т?лекті? ?БТ- ?а дайындалу ?дістері

Оқу бітіруші түлектің ҰБТ- ға дайындалу әдістері

М.Қ.Теміржанова

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Елімізде білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында республикамызда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілгеніне де бірнеше жыл болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жаңа технологияға негізделген мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестациялау және жоғарғы оқу орнына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың ерекше жүйесі екені баршамызға белгілі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. . Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға дайындалған кезде тиімді әдістер үнемі іріктеліп отырылуы қажет. Казіргі заманда оқу – білім саласы адамға деген ең қажетті нәрсенің бірі болып саналады,сонымен қатар елімізде білім ең маңызды орын алады. Сондықтан ҰБТ өткізудің қажеттілігі туралы да айту қажет: білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын тудыруға ынталандырады деген ойдамын.

Тестілеудің мақсаты: ҰБТ- жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.Сондықтан ,ҰБТ-ға дайындық 10-сыныптан басталуы керек екенін ұқтым. ҰБТ-ның жоғары нәтижесі

11-сыныпта ғана пайда болмайды , осы жерде өз мұғалімім туралы айту керек екенін жөн көрдім ,себебі мен мұғалімсіз, ал ,мұғалім өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасын – оқушы деп санайды . Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындағанда мұғалімде тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі қолдануы қажет. Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты деп ойлаймын , себебі мен оқып жүрген сыныптада бірнеше ұлт өкілдері оқып жүргені қупия емес , сондықтан менің мұғаліміме де өте көп талаптар қойылады.Оның ең басты талабы: пәндік оқытуды ұйымдастыру, оқушылардың білім алу себептерін айқындау, білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы, әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы.

Бүгінде қазақ тілі пәнінен ҰБТ –ға дайындалған кезде қоятын басты мақсатым – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімді жан-жақты терең меңгеру. Ал,бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына жан-жақты дайындалуым үлкен рөл атқаратындығы айқын.Сол себептен , ҰБТ – ге даярланған кезімде менің көп ізденуімнің қажет екенін түсіндім. Мұғаліммен әрдайым бірлікте отырып, жаңа тақырыптарды меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен бекіту, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтарды қойа білуге, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте сақтап қалуға негізгі міндетім деп санаймын.

Елімізде әр оқушы,мектепте 11 жыл оқиды, бірақ келешекте осы тәртіп 12 жыл болады. Білім жағынан даму үшін еліміздің барлық облыстарында, қалаларында

« жүз мектеп , жүз аурухана » деген бағдарлама жүріп жатыр. Менің қаламда да осы бағдарламамен мектеп, аурухана және балабақшалар салынды.Енді бұл мекемелерде мыңнан аса оқушылар білім алып, бөбектер тәрбиеленіп, көптеген дәрігерлер мен мұғалімдер жұмыс істеп жатыр.

Бұрында адамдар оқу бітіргендер, емтихан тапсыратын, бірақ 2000-шы жылдардан бастап білім министірлігі ҰБТ еңгізді. ҰБТ – ұлттық аралық бақылау деп аталады. Енді Қазақстанның бүкіл 11 – шы сынып оқушылары , жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ тапсыруы қажет. Ұлттық бірыңғай тестілеу — жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет.

Мен өзім 10 – шы сыныпта оқимын, ендігі жылы мен ҰБТ тапсырамын. Бұны тапсыру онай емес деп санаймын , оған жақсы дайындалу керек . Оқу бітіруші түлектің ҰБТ — ға дайындалу әдісі бар. Бұл үлкен өмірге аяқ басу , өз білімінің нәтижесін көру.

Біріншіден, ҰБТ – ға оқушы өзі дайындалса да, үлкен нәтижелерге жете алмайды , өйткені бұл өте қиын емтихан. Екіншіден, әр оқушыға өз мектебінің мұғалімдері мен ата – аналары көмек береді. Көмек әрқашанда керек . Мұғалімдердің көмектері оқушыны ҰБТ бақылауында үлкен нәтижелерге жеткізеді, бірақ оқушының да ҰБТ – ға дайындалуға қалауы болу керек , өйткені оқушы оқысы келмесе, ешнәрсе жазбаса , ешқалай тырыспаса онда ҰБТ – ны жақсы тапсыра алмайды. Сондықтан ҰБТ – ға дайындалу қиын процесс екенің түсіну және де көп еңбек етіп, жақсы оқу керек.

Казіргі заманда ҰБТ – ны жақсы тапсыру үшін бүкіл шарттары бар. Олар: интернет , көптеген тест кітаптар және көптеген информациялық құжаттар. Меніңше, ҰБТ – ны жақсы тапсыру үшін жай ғана 1 –ші сыныптан бастап әрбір оқушы жаксы оқып, жақсы тәртіпке үйрену керек, егер де оқушы осы талапты 11 – шы сыныпқа дейін өзгертпей ұстанса — үлкен нәтижеге жетері сөзсіз.

Менің бірінші сыныптан оқуға деген суйіспеншілігім бар екенін көрсетіп , осы 10 – шы сыныпқа дейін білімге деген құштарлығымды осы уақытқа дейін өзгерткем жоқпын. Енді мен 10 – шы сынып оқып , осы көп жылдар бойы оқыған , жай емес екенін жәнеде осы менің бүкіл алған білімімді , осы келешек өмірімде өте қажет болатынын түсіндім, осының бәрі мен ҰБТ тапсырғаннан кейін белгілі болады. Мен ҰБТ – ға күн сайын дайындалып отырамын, бірақ бұл өте оңай емес , сондықтан мен өз мұғалімдеріме жақындап көмек сұраймын, олар маған әрқашанда көмек көрсетеді. Мен ҰБТ – жақсы тапсыратыныма және жоғары балл алып , жақсы мамандыққа түсетініме сенімдімін , өз арманымды орындау үшін тырысамын.

Поделитесь материалом коллегами:
Помощь учителям и учащимся