Құқық-әділет пен парасат жолы

Құқық-әділет пен парасат жолы

Мақсаты:Адамзаттың құқықтары мен бостандықтары туралы

білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, өз құқығын қорғай білетін, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету. Оқушылардың бойында Ата заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.

Әнұран орындалады.

1-жүргізуші: Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата Заңым қабылданып.

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар және оқушылар!

Ата Заңым!

Арман әнім!

Сенен басқа бар ма бағым!

Жалғыз саған байланысты

Елімде еркін самғағаным.

Ата Заңым!

Бар мұратым,

Жалғыз кие жанды ұғатын.

Жаңсақ бассаң жолға салып,

Тәубаңды еске алдыратын.

Ата Заңым!

Кемеңгерім!-деп ақын жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз «Құқық-әділет пен парасат жолы» деп аталады. Ата-Заңымыз, ондағы адам құқықтары мен бостандығы, Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы болмақ.

1-жүргізуші: Адамдар алғаш пайда болған кезде олардың арасынд дау-жанжалдар, келіспеушіліктер болды. Бірақ оны шешетін заң болмады. Біздің елімізде ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрады: Атамекенді жерұйық деп білу, оны жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.

Бұдан кейін Шыңғыс ханның «Ұлы жосысы» ХІІІ ғасырда, Қасым ханның «Қасқа жолы» ХІҮ ғасырда, Есім ханның «Ескі жолы» ХҮ ғасырда, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» ХҮІ ғасырда.

Қазақ мемлекетінің тарихында 5 Конституция болды. Олар: ҚАССР-ның 1924 жылғы Конституциясы, қазақ КСР-нің 1937 және 1978 жылдардағы конституциялары, Қазақстан Республикасының 1993,1995 жылдардағы конституциялары.

Жер жүзінде 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ Бас Ассемблеясы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын қабылдады. ОЛ бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.

Адам құқығы

Табиғы құқық адамзаттыққа зкономикалық-әлеуметтік,

байланысты құқықтар мәдени құқықтар

Біздің соңғы Ата Заңымыздың басты құндылығы республиканың өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп жариялаумен қатар өзінің ең қымбат қазынасы, бастауы халық екенін айқындап берді.

Әр оқушы отанын мақтан етіп, елін құрметтеу керек. Елінің өткені мен келешегін ой елегінен өткізе отырып келешек «Қазақстан – 2030» бағдарламасына өз үлесін қосатындай білім мен тәрбие алу керек.

Енді сөзімізді дәлелді болу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына қысқаша тоқтап өтейік.

2006 жылы 1-наурыздағы Жолдауында демократия, саяси жүйені, құқықтық тәртіптік пен заңдылықты одан әрі дамыту мәселесіне азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз етуіне ерекше мән берілген.

Адамның мен азаматтардық құқықтары мен бостандықтары Ата Заңда толық, жан-жақты көрініс тапқан. Өйткені қазір Қазақстан Республикасы Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз — Қазақстан Республикасы Конституциясыда баяндалған. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрса, оның екінші бөлімі 30-бабы құқыққа арналған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы 1- тармағында құқық пен билік байланысы айтылған.

Құқықпен билік арасындағы байланыс

Билік

заң шығарушы атқарушы сот билігі

Конституциялық нақты іске асырады қорғайды

негізде бекітіледі

Құқық

2-жүргізуші: Қолдарыңызға әр топ оқушыларына құқық терминдері, даталар мен сұрақтар жазылған үлестірмелер таратылады. Даталар бойынша сол кезде қандай оқиға болғанын айтады немесе сұрақтарға жауап береді. Ойлануға 1 мин., әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. 1) 1948 жыл желтоқсан

2) Қазақ мемлекекетінің тарихында неше Конституция болды?

3) Ата Заңымыз неше бөліктен, неше баптан тұрады?

4) 2006 жыл 1-наурыз

5) Дүние жұзінде қанша қазақ бар?

6) Қазақстанда қанша қазақ тұрады?

7) Қанша жастан сайлауға қатысуға құқығы бар?

8) Азаматтық дегеніміз не?

9) Ата-ананың міндеті не?

10) Біздің мемлекетіміздің меншіктік түрін ата?

11) Балалардың заңды мүддесі?

12) Сот нені қорғайды?

13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.

«Ойды аяқта» (мақал-мәтелдер айтудан жарыс)

  1. Ұрлық түбі … (қорлық)

  2. Біреуге ор қазба … (өзің тұсесің)

  3. Заңның құрығы … (бәрінен ұзын)

  4. Өтірікшінің құйрығы … (бір-ақ тұтам)

  5. Тура биде… (туған жоқ)

  6. Туғанды биде… (иман жоқ)

  7. Қолыңмен істегенді … (мойныңмен көтер)

  8. Еңбек түбі… (зейнет)

1-жүргізуші: Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласым да.

Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау

Алайын анасын ба, мынасын ба, — деп С.Торайғыров айтқандай « Тәуелсіз Қазақстан» құқықтық мемлекеттің болашақ құрылысшылары Сіздер Ата Заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар.

Осымен «Құқық – әділет пен парасат жолы» сайысын аяқтаймыз.

10 — сынып жетекшісі: Боранбаева Б.Қ.

Поделитесь материалом коллегами:
Помощь учителям и учащимся