Даулетбаева Жулдызай Мырзагалиевна-Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының информатика пәніні мұғалімі
Пәні: информатика
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат алмасу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпарат көзі мен ақпарат қабылдаушы жайында нақты
мағлұматтар беру, ақпарат көзі мен ақпарат қабылдаушы арасында байланыс
орнату.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру, сөйлеу қабілетін
дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютер кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтауды
үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекі
демонстрациялық әдіс, ойын әдісі.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу
Көркекіліктер мен құрал-жабдықтар: интеррактивті тақта, компьютер, слайдтар
флипчардтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
Амандасу, түгендеу, кабинет жағдайына назар аудару, оқушыларды сабаққа дайындау.
Үлкенге де “сіз”
Кішіге де “сіз”
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Телефон – ақпарат көзі.
Теледидар – ақпарат көзі, қабылдаушы.
Радио – ақпарат көзі, қабылдаушы
Күн – ақпарат көзi
Шам – ақпарат көзі.
Градусник – ақпарат көзі.
От – ақпарат көзі
ІІ. Қайталау

Тапсырмалар
-
Шарлардан қандай сөздер құрастыруға болады? Ақпарат көзi. Қабылдаушы.
ДЕ РІ КӨЗ ШЫ БЫЛ ҚА ДАУ

-
Көп нүктенiң орнына қажеттi әрiптердi қойып, сөздi тап. АҚПАРАТ.
….. ….. П …. Р …. Т
АЛ … А … У
Б … Й …АН… …
… РН … … Ы
… Р … Ы …
Ө Т … … І
Жауабы: ақпарат алмасу байланыс арнасы арқылы өтеді
-
Сигналдар қандай ақпарат бередi? Сызықтармен қос.
|
Сигналдар |
Ақпараттар |
|
Есiктегi қоңырау шырылдады |
Досым келдi |
|
Бағдаршамның жасыл сигналы |
Жүруге рұқсат |
|
Мектеп қоңырауы |
Сабақтың басталуы |
|
SOS (Бiздi құтақарыңдар) |
Көмекке шақыру сигналы |
|
КУ-КА-РЕ-КУ |
Таң атты |
Сергiту сәт

ІІІ.Бекіту

ІV.Қорытынды

Ақпарат көзі: кітап, әтеш, телефон, күн
Ақпарат қабылдаушы: Аруна, Әлім, мысық, күшік
V.Бағалау




VІ.Үйге тапсырма
Сыныптас құрбыларыңның арасындағы ақпарат алмасуға әңгіме құрастыру