БІЛІМ ?РДІСІНДЕГІ СУБЪЕКТИВТІ ?АРЫМ ?АТЫНАСЫН ?ОЛДАНА ОТЫРЫП ГЕОГРАФИЯ САБА?ЫН ЖЕТІЛДІРУ

ҚАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БӨЛІМІ КММ«№5орта мектеп»

Тоқтарғожина Айгүл Камбаровна

БІЛІМ ҮРДІСІНДЕГІ СУБЪЕКТИВТІ ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫН ЖЕТІЛДІРУ

Өскемен қаласы, 2013

Кіріспе

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген тұжырымдамасында» және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж.) 2- бабында айтылған «жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;» қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеруін көздейді. «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру» Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады. 2011 – 2020 бағдарлама бойынша оқу үрдісіне көп көңіл бөлініп отыр. Оның ішінде мектеп оқушыларының білім сапасына, денсаулықтарына информациялық құрылымға, оқулық құралдарына, мектеп жабдығын қамтамассыз етуге тырысып жатыр. Мемлекетіміз осындай бағдарлама құрап, бізден жаңа заман талабына сай жас ұрпақты талап етеді. Ендеше біз оқу барысында инновациялық сабақтар беріп, әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданып білімді де, саналы да, ұрпақ тәрбиелемекпіз.

Сонымен, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау орта білім беру жүйесінде оқушылар мен мұғалімдер қарым-қатынастарын қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері және негізгі ұғымдары мен оларды оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың ізгілік қасиеттерін қалыптастыруда толық мәнде пайдаланбауы; мектеп деңгейінде «өзін-өзі тану», «психология» курстарын оқытуда оқушылардың ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың қажеттігі мен оның құрылымдық-мазмұндық моделінің жасалмауы және оның жоғары сыныптарда әлі де толықтай жүзеге асырылмауы; «өзін-өзі тану — психологиялық» пәндер арқылы оқушылар мен мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін оқу үдерісінде қалыптастырудың тиімді ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету қажеттілігі және оның практика жүзінде талапқа сай іске асырылмауы арасындағы қарамақайшылықтар айқын байқалады.

Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу мәселесін айқындауға және тақырыпты «Білім үрдісіндегі жеке тұлға қарым қатынасын қолдана отырып сабақты жетілдіру» деп таңдауымызға себеп болды.

мақсаты: жеке тұлғаның фукционалды сауаттылығын қалыптастыру үшін әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, сабақты түрлендіру.

нысаны: оқу үрдісінде оқушылар мен мұғалімдердің қарым қатынасы.

пәні: оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастыру үдерісі.

ғылыми болжамы: егер, оқу үрдісін ұлттық, бүкіл әлемдік негізде ұйымдастырсақ, онда өзін өзі қалыптастыратын, жан-жақты жаңа заманға сай тұлға тәрбиеленер еді.

міндеттері:

1) Жаңа өзекті тақырыпқа арналған зерттеу бағдарламаларын құру;

2) Оқушының білім-білік дағдысын жетілдіру барысында қабілетін айқындайтын нормативтік құжаттарды зерттеу, әдебиеттерді оқу.

3) Оқушының білім-білік дағдысын жетілдіру барысында қабілетін кеңейтудегі жаңа ақпаратты технологияның ролін айқындау, пайдалану жолдарын көрсету.

4) Оқушының білім-білік дағдысын жетілдіру барысында педагогикалық-психологиялық ыңғайлы жағдай тудыратын факторларды айқындау, зерттеу.

5) Білім-білік дағдысын жетілдіру барысында сыртқы орта факторларының рөлін пайдалану;

6) Оқушының қабілеті мен мүмкіндігін анықтай отырып,өздігінен білім алуға,өзін-өзі жетілдіруге, тануға,білуге үйрету;

7) Таным,белсенділігін арттыру жолдарын зерттеу,өзін-өзі жетілдіру, дамыту;

8) Оқушы танымдық құзыреттілігі мен белсенділігін байланыстыра отырып, өздігінен білім алуын арттыру.

Қазіргі мектептерде білім дамып келе жатқан оқу үрдісіндегі оқушылардың іс әрекеттерінің жаңаланған түрі.Қазіргі жағдайда оқушыны дамушы тұлға ретінде танып біліп , өздіктерімен білім алып, дамуына қолайлы жағдай туғызу керек. Оқушының білім алуына қандай қолайлы жағдай туғызу қажет? Сондықтан осыған байланысты оқушыларға әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, өз білімдерін жетілдіруге , дамытуға орта құру қажет. Қазіргі таңда ТЭЖ жұмысы мен оқу үрдісінің география және биология пәні бойынша стандарттық талаптара сай 2008-2009 жылы дайындық кезеңі өтуде.Ең алдымен теориялық білімді қамтамассыз ету үшін папка жасап керекті материалдар мен қамтамассыз еттім (тестер әдебиеттер). Мынандай әдебиеттер зерттелді Г.К Селивка «Современные педагогические образовательные технологии», «Проблемы формирования личности» — автор Бажова. ТЭЖ жұмысының іске асу жұмыствры бойынша дәптер аштым,бұнда география пәні бойынша білім деңгейінің мониторингісі бақыланады . Білім сапасының жоғарлағаны байқалады. Қалалық, мектеп ішілік семинарларға ,мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатыстым.Пән бойынша оқу әдісін модульдік технологияны пайдаландым Кабинеттің жабдығын оформлениясын жаңалап, өзгертіп отырамын. Оқу үрдісінің дамуына байланысты оқушылардың инфармациялық мәдениетінің дамуына үшін, оқушылар өз беттері мен әр сабақта қызықты да әсерлі,тақырыптарға байланысты танымды презентациялар мен рефераттар пайдаланды. Оқушылардың іс әрекетінің дамуына байланысты пән бойынша көптеген дидактикалық көрнекіліктер жасалынды.

Субьективті қарым қатынас мақсаты

Ізденіс

Қалыптастырушы

1

География сабағында субьективті жақтардың талаптарға сай екенін анықтау, функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру

Биология және география пәні бойынша ГОС стандартты зерттеу

Білім деңгейін анықтау үшін тексеру жұмыстары тест жүргізілді

2

ТЭЖ жұмысымен байланысты оқушылардың қаблеттерінің дамуына жағдай жасау

Стенттерді жаңалау презентациялар құру , пән бойынша диск алу

3

Дидактикалық материалдарды жасау

Бақылау және тест алу жұмыстарына материал жинастыру дайындық жүргізу

Тестер құру

4

Білім деңгейін анықтау үшін пән бойынша срез алу

Бақылау срез алу

Тексеру жұмыстарын жүргізу

Оқушыларды жан-жақты білім беру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, әр түрлі шараларға қатыстыру кезінде мынандай нәтиже қалыптасты

Қатысқан шаралардан жүлделі орын алу, нәтижеге жетті;

Осыған байланысты 6 «Б» сыныбын экспериментке алдым. Әрине бұл сыныпты педогогикалық психологиялық жағдайларын қарастырдым.Сыныпта 25 оқушы бар олар оқуға деген ақыл ойларының даму деңгейі орташа. Барлық пәнді сүйіп оқиды. Оқушылар үйірмелерге қатысып, ылғида белсенділікті танытады. Жан- жақты дамыған оқушылар бар. Берілген тапсырмаларды ынтасымен орындауға тырысады.

Психологиялық зерттеу нәтижесін қолдана отырып ,оқушылардың дарындылық қасиеттерін анықтағанда (10 бала) дарындылықтың жылдамдық түрі, (10 бала ) дарындылықтың біртоға түрі . Ал жұмсақтық (5 балада). Бұл сыныпта жылдамдық түрі -40% ,біртоға- 40%, жұмсақтық- 20%.

Сурет 1- Оқушылардың дарындылық қасиеттері

Ұсыныс:

  1. Балалармен көбірек шығармашылық сынып сағаттарын өткізу.

  2. Пән мұғалімдері жеке жұмыс жасау қажет.

  3. Психологиялық тренингтер жүргізу керек.

Ұсыныстарды пайдалана отырып, сынып пен жеке психологиялық тренингтер, сауалнамалардан өтті.Оқушылардың жас ерекшеліктерін психологиялық жағдайларын ескере отырып, пән мұғалімі ретінде технология әдісін қолданып,география пәнінен модульдік технологияға сай күнтізбелік жоспар құрдым. «Жазықтар» тақырыбына байланысты ашық сабақ өткіздім.Сабаққа модульдік технологияны қолдану арқылы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс байқалды. Оқушылар өз беттері мен материалды зерттеуге ой пікірлерін толық болмаса да жеткізуге тырысты. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі айқын байқалды. Тарау бойынша әр түрлі сұрау жұмыстарын ұйымдастырдым мониторинг құрдым.

Сурет 2- 6 «Б» сыныбының географиядан тару бойынша оқу сапасы

Сурет 3- 7 «Б» сыныбының география пәнінен бағалар мониторингісі

Мен өз оқушыларыма М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым – өз бетімен дами алатын, өмірдің әр түрлі қызықтарына төзе білетін белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат -оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.Осыдан келіп оқытушының жұмысында және оқу процесінің құрылымында өзгерістер болды. Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде оқытушының жұмысы мынадай жүйеде құрылады (М.М.Жанпейісова бойынша):

1.Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру

2. Топқа берілген блок ( мазмұны бойынша жақын)тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;

3. Оқушыға материалды қысқаша түсіндіру (сызба, график,кесте,және т.б);

4. Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;

5. Оқушыларға оқу материалды қысқаша түсіндіру( сызба,график,кесте және т.б)

6. Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;

7. Барлық тақырып бойынша тест (сынақ,сынақхат,бақылау жұмысы, т.б.) жүргізу

Оқушылардың қаблеттерін ескере отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру барысында «Қызықты география» үйірмесі ұйымдастырылды. Үйірмеде оқушылар пән бойынша әр түрлі қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып ,өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланды яғни белгілі тақырыпқа тест құрау, кросворттар шешу, жоба құру, сабаққа байланысты презентациялар жасау қалалық шараларға қатысу осының бәрі оқушылардың зерттеу,шығармашылық танымдылық қаблеттерінің дамығаны байқалды.

Сурет 4- Оқушылардың шығармашылық қаблеттерінің деңгейі

Жан- жақты білім беру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Оның айғағы болатын мектеп және қала ішілік шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мұғалімнің жеке тақырыбын зерттеу барысында оқушылардың оқу сапасының жоғарлағаны пәнге деген қызығушылықтыры шығармашылық қаблеттері ашыла бастады. «Жас зерттеуші»үйірмесі өзінің жұмысын атқара бастады. География пәні мен қызыға оқып үйірмелерге қатысып ,қалалық, мектепішілік олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болған Нұрқас А, Есенгелдина А, Тұрсынов Е. сияқты оқушылар мектебіміздің мақтанышы болды. Кемшіліктеріміз де болды . Жоба қорғаған кезде жоспар талаптарына толық жауап бере алмадық, яғни практикалық зерттеу жолдары жеткіліксіз болды. Қалалық шараларға қатысып ,оқушылардың танымдылық , шығармашылық табиғатты аялау, қаблеттері арта түсті. Соған орай мектеп алдын көгалдандыру «Гүлденген аула» жобасына қатысып, мектепке деген сүйіспеншіліктері арта түсті. Шығармашылық бірлестікте оқушылар топтасып жұмыс жасады.

Орта буын оқушыларының мінез құлықтарының өзгеруіне байланысты жалпы оқу әдісіне қатысты оқушы мен мұғалім арасындағы қарым қатынасты психологиялық сауалнама арқылы байқадық.

Сурет- 5 Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы

Сараптама қорытындысы оқушылардың оқу процесінде қолданып отырған әдіс тәсілдердің дұрыс екенін, оқушыларды толығымен жақсы жағын да жаман жағын да білетінін өз ісін жетік білетінін гносиологиялық компонент анықтаса, эмоционалды компоненттер мұғалімге ризалықтарын,сенімдерін,мұғалімге ұқсағысы келетінін көрсетті мінез құлық компоненті мұғалімнің адалдығын анықтап, субъективті байланысты байқадым.

8 сыныпта оқушылардың оқу денгейі жоғары болды, яғни бұл кезеңде мұғалім мен оқушының арасында тығыз байланыс жүйесі құрылды. Оқу процесінде қолданған технологияның қорытындысын жемісін көре бастадық. Сонымен қатар, топ оқушыларының қай пәнге икемді екенін байқап, әрі қарай дамытуға көп көмегін тигізеді. Оқушылар 1 деңгейді орындауға еліктеп, сабақтан тыс уақытта да өз бетімен жұмыс істеуге отыратын болды. Бір байқағаным, шығармашылық қабілет ол баланың табиғатында болуы мүмкін ғой. Сондықтан да менің міндетім – оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген оқушы оқытушының басшылығымен орындаған шығармашылық  жұмысының нәтижесін көрсету арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамыта алады. Егер қабілетті оқушы жұмысын уақытынан ерте аяқтайтын дәрежеге жетсе, басқа оқушыларға тексеруге уақыт беремін. Ол оқушылардың өзіне деген сенімін қалыптастырады, оқытушының сенімінен шыға алатынына көзі жететін болады.

Оқушылардың қаблетін, мүмкіндігін жан- жақты зерттей отырып, белсенділігі, ынта- жігер, таным қаблеттері арқылы дамыту кәсіби бағдар беру арқылы тәжірибе эксперименталды жұмысты қорытындыладық. Оқу үрдісі барысында оқушылардың қаблеттерінің белсенділігінің артқанын байқадық. Биылғы оқу жылында оқушыларды арнайы үйірмелерге жұмылдырып, олардың зерттеу қаблеттерін дамытып, белгілі тақырып көлемінде өздерінің ой пікірін ғылыми түрде дәлелдеу жобаны қалалық көлемге алып шығу бізге оқу үрдісіне өте үлкен үлес қосты. Оған куә болатын қалалық олимпиада көрсеткіштері, ғылыми практикалық жобаға 9 сынып оқушысы Нұрқас А қатысып 3 орынға ие болды. Оқушылардың эстетикалық танымдылық және табиғатты аялау қаблеттерін дамытуда Есенгелдина. А Қадылбекова .Е «Фитодизайн» сайысына қатысып, 4 орын алды. Жалпы жыл көлемінде оқушылардың белсенділіктері артып отырды. Экология пәніне байланысты оқушылардың танымдылық, болашақты болжау қаблеттерін дамытуда «Болашақ қала» жобасын Бахтияров. Д қорғады, яғни оқушылардың экологиялық білімдері жігерлене түсті . Оқу үрдісі барысында оқушыларды тұлға ретінде танып білу, олардың өз беттерімен жұмыс жасауына, әр түрлі шешім қабылдауына жағдай жасап, қаблеттерін нығайту, әр түрлі әдебиеттерді зерттеп, практикада жүзеге асыруына мүмкіндік жасау керек.

Қорытындылай келе «Оқу үрдісіндегі субективті қатынасты қолдана отырып география сабағын жетілдіру» тақырыбына сай оқушының танымдық құзыреттілігі мен белсенділігін байланыстыра отырып, өздігінен білім алуын артқанын байқадық сонымен барлық жұмыс түрлері іске асты демекпіз.

Әдебиеттер

1.Г.К Селивка «Современные педагогические образовательные технологии»

2.Бажов «Проблемы формирования личности»

3. М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бадарламасы

5. Қазақстан Республикасында білім туралы заңы

6.Қазақстан Республикасының Білім стандарты ( 2007жыл)  

Поделитесь материалом коллегами:
Помощь учителям и учащимся