Cабақтың тақырыбы: |
Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі |
Сабақтың мақсаты |
БиС технологиясын қолдана отырып, оқушыларды жүректің құрылысы мен қызметі жайында таныстыру. |
Оқытудың мақсаты |
|
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады, жаңа мәліметтер қоса алады. Жаңа тақырыпты өз беттерінше қабылдай білуге, қортынды жасауға тәрбиелеу. |
Міндеттері |
Уақытты тиімді пайдалану, бірін- бірі тыңдау, бірін бірі бағалау, ойын нақты әрі дәлелді айтуға машықтандыру. |
Жетістіктері |
Пәнді терең түсіну қабілетінің дамуы. Тақырыпты өз бетінше меңгеру және бағалауы. Білімін жетілдіруге талпынысы. Біліміндегі олқылықтарды сезіне білуге және оны толықтыруға деген талпынысы. |
Көрнекілік құралдар |
Оқулық, әдістемелік нұсқаулық, интерактивті тақта, көрнекіліктер. |
Сабақтың барысы |
|
|||
уақыты |
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
2 мин |
Психологиялық ахуал орнату |
Амандасу. Сынып ережесімен таныстыру |
Сынып басшысы сыныптастарына рух беруге ортаға шығады |
|
8 мин |
1.Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы қалай аталады? 2. Жүректің пішіні қандай? 3. Жүрек кайда орналасқан? 4. Ересек адамның жүрегінің салмағы қанша? 5. Жүрек ішіндегі аздаған сұйықтығы қайда орналасады? 6. Жүрек тұтас қалқа арқылы қалай бөлуге болады 7. Жүрекше қалай орналасқан? 8. Қарынша қалай орналасқаны? 9. Оңжақ бөлігінде неше қақпақша орналасқан 10. Сол жақ бөлігінде неше қақпақша орналасқан? 11.Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады? 12. Сыртқы қабаты? 13. Ортаңғы бұлшық ет қабаты? 14. Ішкі қабаты? 15. Жүрек қабырғасының негізгі бөлігін не құрайды? 16.Бұл тамырлардың бойымен қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға бағытталып ағад, бұл қандай қан тамыр( Артерия) 17. Ең жіңішке қан тамырлар? (Капилляр) 18. Мүшелер мен ұлпалардан қан жүрекке бағытталып ағатын едәуір ірі тамырлар? (Вена) 19.Адамда капиллярлардың жалпы саны? 20.Неліктен жүрек үздіксіз және бүкіл өмір бойы қажусыз жұмыс істей алады? 21.Жүрек үшін жүрек қабы қандай рөл атқарады? 22 .Жүректі қандай ұлпалар құрайды? 23.Жақтаулы қақпақшалар қалай орналасқан? 24. Жарты ай тәрізді қақпақшалар қайда орналасқан? 25.Бұл тамырлардың бойымен қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға бағытталып ағады бұл қандай қан тамыр( Артерия) 26. Ең жіңішке қан тамырлар? (Капилляр) 27. Мүшелер мен ұлпаларданқан жүрекке бағытталып ағатын едәуір ірі тамырлар? (Вена) 28.Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады? |
|||
|
||||
|
|
|||
|
|
|||
5 мин |
Жүректен өтетін қантамырлар
Капиллярлар Артериялар Веналар
Жүректің жұмысы – бірін-бірі ырғақты түрде алмастырып отыратын жүрек циклынан тұрады. Әр соғуы 3 кезеңнен тұрады: 1) жүрекшенің жиырылуы (0,1 сек); 2) қарыншаның жиырылуы (0,3 сек); 3) жүректің босаңсуы (жүрекше мен қарыншаның бір мезгілде тынығуы) (0,4 сек). Жүректің бір рет соғуына барлығы 0,8 сек уақыт кетеді. Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына 70–75 рет соғады. Жүрекке күш түскенде соғуы жиілейді. Қарыншалар әрбір жиырылғанда қантамырларға 70–80 мл, яғни бір минутта 5–5,5 л қан өтеді. Жүректің өмір бойы тынбай жұмыс істесе де, шаршамауы тынығу кезеңінің болуына байланысты. Жүрек қабырғасындағы бұлшықеттердің қаңқа бұлшықеттерінен айырмашылығы: а) ет талшықтары шоқтанып орналаспай, бір-бірімен тор тәрізді жалғасып жатады; ә) жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы бірыңғай салалы бұлшықеттердікі сияқты сыртқы тітіркендіргіштерге тәуелді емес (өздігінен еріксіз жиырылады); б) жүрек бұлшықеттерінің жасушалары 2 түрлі: 1) жиырылатын жасушалар; 2) жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар: 1) жиырылатын жасушаларда көлденең жолақты бұлшықет талшықтарына қарағанда митохондрийлері көп болады. Сондықтан олар тотығу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Керісінше эндоплазмалық тор қаңқа бұлшықет талшықтарымен салыстырғанда нашар дамыған. Жүрек бұлшықеті жасушаларында ядросы дәл ортасында, миофибриллалары шет жағында қатарласа орналасады. 2) жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар импульстерді жүректің өз ішіне өткізеді. Бұл жасушалар өте ірі, түйіршікті эндоплазмалық торлары өте көп. Миофибриллалары мен митохондриялары аздау әрі ядролары ірі. Жүректің ішкі бетіндегі ерекше жалпақ жасушалар қантамырлары мен лимфа тамырларының ішкі бетін астарлап жатады. Бұл жасушалар қанның қантамырлардың ішінде ұюына кедергі жасайды. Жүрек бұлшықетінің тағы бір қасиеті сыртқы тітіркендіруге тәуелді емес. Жүректе болатын импульстерге жауап ретінде ырғақты жиырылуға қабілетті. Бұл құбылысты жүрек автоматиясы (жүректің өздігінен жиырылуы) дейді. Жүректің өздігінен жиырылуын жүректің бұлшықетінде болатын ерекше бұлшықет жасушалары реттейді. Осының нәтижесінде ағзадан бөлініп алынған жүректе қозу ырғағы пайда болады. Электрокардиограмманың көрсеткіші жүрек бұлшықеттерінің жұмысын аңғартады. Мұның жүрек ауруларын анықтауда маңызы зор. Жүрек жұмысының реттелуі үнемі жүйкелік және гуморальдық жолмен жүзеге асады. Жүректің жиырылу жиілігінің жүйкелік реттелуі – сопақша мида орналасқан «жүрек ырғағының орталығына» байланысты. Бұл орталықтан жүрекке қозғағыш жүйкелердің 2 тобы әсер етеді. Оның парасимпатикалық бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетсе, симпатикалық бөлімі жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді. Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді (63-сурет).
|
|||
2 мин |
|
|||
12 мин |
ТЕСТ құрасыру |
|||
8мин |
1.Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы қалай аталады? 2. Жүректің пішіні шар тәрізді? 3. Жүрек 6-7 қабырға деңгейінде орналасқан? 4. Ересек адамның жүрегінің салмағы 450-500г? 5. Жүрек ішінде аздаған қатты заттар бар? 6. Жүрек тұтас қалқа арқылы қалай бөлуге болады 7. Жүрекше төмен орналасқан? 8. Қарынша жоғары орналасқаны? 9. Оң жақ бөлігінде 8 қақпақша орналасқан 10. Сол жақ бөлігінде 6 қақпақша орналасқан? 11.Жүрек қабырғасы 4 қабаттан тұрады? 12. Сыртқы қабаты миокард? 13. Ортаңғы бұлшық ет қабаты миокард? 14. Ішкі қабаты эпикард? 15. Жүрек қабырғасының негізгі бөлігін вена құрайды? 16.Бұл тамырлардың бойымен қан жұректен барлық мүшелер мен ұлпаларға бағытталып ағады бұл қандай қан тамыр( Артерия) 17. Ең жіңішке қан тамырлар? (Капилляр) 18. Мүшелер мен ұлпалардан қан жүрекке бағытталып ағатын едәуір ірі тамырлар? (Вена) 19.Адамда капиллярларлар 20 мыңға жуық түрі бар? 20.Неліктен жүрек үздіксіз және бүкіл өмір бойы қажусыз жұмыс істей алады? 21.Жүрек үшін жүрек қабы атқарады? 22 .Жүректе қандай ұлпа болмайды? 23.Жақтаулы қақпақшалар қалай орналасқан? 24. Жарты ай тәрізді қақпақшалар қайда орналасқан? 25.Бұл тамырлардың бойымен қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға бағытталып капилляр ағады. 26. Ең жіңішке қан тамырлар вена? 27. Мүшелер мен ұлпалардан қан жүрекке бағытталып ағатын едәуір ірі тамырлар капиллярлар ? 28.Жүрек қабырғасы 5 қабаттан тұрады? |
|||
8 мин |
|
|||
|
|